Мәтінді оқыңыз.
Жер бетінен аралар жойылып кетсе, не болады?
Пестицид, паразит, климаттың өзгеруі сияқты
құбылыстардың әсерінен экожүйедегі маңызды өсімдіктер, жәндіктер мен жануарлардың түрлер
і жойылып кетуі мүмкін. Егер ара Жер бетінен жойылып
кетсе, не болар еді?
"Адам
оттегісіз үш минут, сусыз үш күн, ал арасыз төрт жыл ғана өмір сүре алады". Бұл – Альберт Эйнштейннің 1941 жылы "Canadian Bee Journal"
басылымына берген
сұхбатында айтқаны. Бұл сөз
қаншалықты рас?
Олардың адамзат өмірінде соншалықты маңызды екеніне сенбесеңіз, қарапайым бургерді елестетіңіз. Егер аралар
болмаса, оның құрамында пияз, маринадталған қияр болмас еді. Бұл көкөністерді аралар
тозаңдандырмаса, мүлде өспейді. Бургерде ірімшік те болмас еді. Себебі сүт беретін сиырдың рационына люцерн керек. Ал оны аралар тозаңдандырады. Люцернді басқа шөппен алмастыруға болады, бірақ бұл сиырға кететін
шығынды көбейтеді.
Өсімдіктерді тек аралар ғана тозаңдандыра ала ма?
Өсімдіктерді көбелек, қоңыз, тіпті құстар мен
жарқанаттар да тозаңдандырады. Бірақ бүкіл биосферадағы тозаңданудың үштен бірі араларға
тиесілі.
Ара басқа құс-жәндікке қарағанда жақсырақ тозаңдандырады. Себебі олар күн сайын өте көп өсімдікке қонады. Қарапайым бал арасы жылына шамамен 4 миллион рет ұшып-қонады.
Қауын,
бадам сияқты жемістерді ара
тозаңдандырмаса,
мүлде өнім бермейді. Тозаңдану азықтың сапасына да әсер етеді. Бұдан бөлек аралар бал, балауыз, прополис (ара желімі) жасайды. Бұл өнімдер медицина, құрылыс, косметикада пайдаланылады.
Ара жоғалып кетсе, тағы не болар еді? 2014 жылы АҚШ-та зерттеу жасалып, мынадай
тұжырым жарияланған: аралар жыл сайын құны 15 миллиард доллар болатын жұмысты тегін істейді.
Адамдар араларға қалай көмектесе алады?
Оның бірден-бір жолы – ара жақсы көретін өсімдіктерді көбейту. Бірақ ең бастысы – табиғатқа зиян келтірмеу. Қалғанын экожүйе өзі реттейді.
Жаңа сөздерді quizlet арқылы жаттап алыңыз.Quizlet