Мәтінді оқыңыз.
Қыздармен салыстырғанда жігіттер...
Ауырып қалса...
Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда ауруға
шыдамсыздау. Көптеген ер адамдар ыстығы
аздап көтерілсе,
дереу дәрігерге барады. Жұмысқа бармай, үйде жатып
емделеді. Ал әйел адамдар ауруға өте
төзімді. Сондықтан олар аурып қалса да, дәрігерге бармайды.
Жыласа...
Ер адамдар
анда-санда ғана жылайды. Бірақ ер адамдардың
ішкі жан дүниесі әлсіздеу болады. Олар әйелдер сияқты
керек кезінде жылап алмайды. Әйелдер көңілсіз болса да, қуанып тұрса да жылай береді.
Тамақ дайындаса...
Ер адамдар тамақты өте сирек жасайды. Сондықтан олардың жасаған тамақтары әйел адамдаркіне қарағанда дәмдірек болады. Бірақ жігіттер тамақ жасап болғаннан соң ас үйді жинау керек болады. Себебі жігіттердің көбі алған затын орнына қоймайды және көкөністердің
қабығын қоқыс шелегіне тастамайды. Мұнымен келісесіз бе?
Дүкен араласа...
Ер адамдар дүкен аралауға көп уақыт бөлгісі келмейді. Олар өздеріне керек затын аз уақытта таңдап алады. Ал қыздар дүкен араласа, бір тауарды бір тауармен салыстырып, сапасы мен бағасына келіспейды. Дүкенге сонша уақыт бөлсе де, үйге келген соң алған заты ұнамай оны өткізуге тағы барады. Рас па, қыздар?
Мәтіндегі жаңа сөздермен танысыңыз.
Quizlet