Гарри Поттер кітабы туралы
мәтін 240 сөзден тұрады
Гарри Поттер − Британдық жазушы Джоан Роулинг жазған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағы. Кітапта Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебінің оқушысы Гарри Поттер және оның достары Роналд Уизли мен Гермиона Грейнджерлердің бастан кешкен оқиғалары туралы айтылады. Оқиғаның негізі зұлым сиқыршы Лорд Волдемортты жеңу болып табылады. Лорд Волдеморттың көздегені − мәңгілік өмір сүру, сиқырлы әлемді қол астына алу, сиқыршы емес адамдарды жою және қарсы шыққандардың күлін көкке ұшыру. Ал қарсы шыққандардың ішінде басты кейіпкер Гарри Поттер.
1997 жылдың 30 маусымында көптомдық кітаптардың бірінші бөлімі жарыққа шықты ("Гарри Поттер және Философиялық тас"). Дәл сол уақыттан бастап ол үлкен атаққа ие болып, дүйім жұртқа аты тез тарады. 2011 жылдың маусым айындағы сараптамада кітаптың 450 миллион көшірмесі сатылғанын, әлем тарихындағы ең тез сатылған кітап аталып, 67 тілге аударылғаны көрсетілген, сонымен қатар, жазылған кітаптардың соңғы төртеуі ең тез сатылған кітап атағымен жаңа рекорд орнатқан.
Бұл шығармада, қиял-ғажайыптықпен қоса, жанрлардың көптеген түрлері кездеседі. Атап айтқанда: жасөспірім әдебиеті, триллер, оқиғалық, ғашықтық, т.с.с. Шығарма балаларға арналса да, Роулинг ханымның сөзіне сенсек, негізгі тақырып − өмір мен өлім.
Романда басты кейіпкер – сиқыршы-бала Гарри Поттердің әрбір жылдағы бастан кешкендері айтылады. Шығарма 64 тілге аударылған. Жалпы таралымы 450 миллион дананы құрайды.
Гарри Поттер жайлы алғашқы жарық көрген кітап әлемге тарап, балалармен қоса ересектердің де сүйікті кітабы болып, жандарын жаулап алады. Роулинг бірден кітаптың жалғасын жаза бастайды. Ол кітаптар біріншісінен де кең танымалдыққа ие болады. Осыдан кейін Джоанн Роулинг әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылады.