Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!
Қайталау
1-ТАПСЫРМА
Сілтемеден өтіп, TEDX talks-тағы қазақша баяндаманы тыңдаңыз.
А. Баяндамаға қатысты төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Әйгерім Солтабаева кім? Немен айналысады?
«Ауылданмын, оқығым келеді" бағдарламасы жайында айтып беріңіз.
Әйгерімнің үлкен қорқынышы не болды?
Әйгерімнің білім жолын айтып беріңіз.
Ауыл балаларының үшпен оқудағы негізгі проблемасы неде?
Әйгерімнің арманындағы ауылы қандай?
Ә. Баяндамада кездескен жаңа сөздерді QUIZLET қосымшасы арқылы есте сақтаңыз!
Қосымшаға өту
Б. Баяндама бойынша сөйлемдерді жалғастырыңыз.
Алайда сегіз мың шақырым жерде …
Неге балықшының әйелі болу — менің қорқынышым болды …
Мен 13-14 жасқа дейін қараңғыдан қатты қорқатынмын….
Мен оқу жолына түскенде ұйқыдан оянғандай болдым …
2-ТАПСЫРМА
Берілген тіркестердің қандай грамматикаға қатысы барын анықтаңыз.
Жүрегіме жақын топ
Өзіме ұнайтын жұмыс
Мен армандап жүрген ауыл
Талпынған балалар
3-ТАПСЫРМА
Қажетті грамматика.
А. Етістік+ма/ме/ба/бе/па/пе+й+ақ қой =
можно не делать что-либо/лучше не делать что-либо.
Оқығың келмесе, оқы+ма+й-ақ қой!
Осы оқиғаны ешкімге айт+па+й-ақ қой!
Ол фильмді көр+ме+й-ақ қой!
Өзіңіз мысал келтіріңіз.
Ә. Не/немесе…, не/немесе… =
либо это, либо то/или это, или то.
Не балық, не ішімдік.
Не тұрмысқа шығасың, не оқуға кетесің.
Не жұмыс істейсің, не жұмыстан шығасың.
Өзіңіз мысал келтіріңіз.
Б. Етістік+са/са+тәуелд.ж. + екен! =
Хоть бы что-то свершилось.
Шіркін-ай, біреу көмектес+се екен!
Гарвардқа оқуға түс+се+м екен!
Алматыға кел+се+ңіз екен!
Өзіңіз мысал келтіріңіз.
В. Етістік+атын/етін/йтын/йтін/итін+тәуелд.ж+а/е/на/не+ сену =
верить, что будет …
Бәрі жақсы бол+атын+ы+на (3-жақ) сенемін!
Өзімнің бақытты бол+атын+ым+а (1-жақ) сенемін!
Сенің Гарвардқа түс+етін+ің+е (2-жақ) сенемін!
Өзіңіз мысал келтіріңіз.
4-ТАПСЫРМА
"Менің қорқыныштарым менің басымда ғана"
деген тақырыпта ой өрбітіп, өз қорқыныштарыңыздан қалай арылатыныңыз жайында айтып беріңіз.
Барлық тапсырманы орындасаңыз, жарайсыз!
Қосымша жаттығу орындау үшін жұмыс дәптеріне өтіңіз!
Жұмыс дәптерін жүктеп алыңыз
Made on
Tilda