Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


36-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Қайырлы күн!
Қалыңыз қалай?

Мына жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіріңіз.

Жаңбыр/қар жауып тұр
Жел соғып тұр
Ауырып қалу
Емделу
Дәрігерге қаралу
Жамылу
Жауын-шашын
Бұршақ
Нөсер
Тайғақ
Көктайғақ
Найзағай

    2-ТАПСЫРМА
    Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

    Существительные + -ды/-ді/-ты/-ті/-лы/лі = Прилагательные

    Мысалы:

    бұлт + ты = бұлтты,
    тұман + ды = тұманды
    жаңбыр + лы = жаңбыр

    Существительные + -ғы/-гі/-қы/-кі = Прилагательные

    Мысалы:

    жаз + ғы = жазғы
    күз + гі = күзгі
    қыс + қы = қысқы
    таң + ғы = таңғы
    түс + кі = түскі
    кеш +кі = кешкі

    Сөздер:
    Суық – холодно
    Жылы – тепло
    Салқын – прохладно
    Ашық – ясная
    Шуақты – солнечно
    Бұлтты – пасмурно
    Ыстық – жарко
    Тұманды – туманно

    1. Бүгінгі ауа райы қандай?
    2. Саған қандай ауа райы ұнайды?Неге?
    3. Саған қандай жыл мезгілі ұнайды? Неге?
    4. Алматыда ауа райы қандай?
    5. Әдетте қыста Астанада ауа райы қандай?
    6. Әдетте жазда Шымкентте ауа райы қандай?
    7. Қыста қандай жауын-шашын жауады?
    8. Көктемде қандай жауын-шашын жауады?
    9. Сізге жаңбырлы күндер ұнай ма?
    10. Сізге шуақты күндер ұнай ма?
    11. Қарлы күндер ұнай ма?
    12. Желді күндер ұнай ма?
    13. Қыс күзден суығырақ па?

    3-ТАПСЫРМА
    Салыстырмалы шырайды пайдалана отырып, салыстырыңыз.

    1. Бүгінгі ауа райы мен кешегі ауа райы
    2. Биылғы көктем мен былтырғы көктем
    3. Күз бен көктем
    4. Астананың ауа райы мен Алматының ауа райы

    Мысалы: Бүгінгі ауа-райы кешегі ауа райынан жылырақ.

    4-ТАПСЫРМА
    Мына сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіз.

    1. Тұмау
    2. Жөтел
    3. Дене
    4. Бас
    5. Мойын
    6. Иық
    7. Кеуде
    8. Арқа
    9. Бел
    10. Іш
    11. Қол
    12. Аяқ
    13. Табан
    14. Тізе

    a) Кашель
    b) Тело
    c) Живот
    d) Поясница
    e) Спина
    f) Колено
    g) Стопа
    h) Грудь
    i) Шея
    j) Голова
    k) Рука
    l) Нога
    m) Грипп
    n) Плечи

    5-ТАПСЫРМА
    Мәтінді оқиңыз және аударыңыз.

    Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы – желсіз, тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді.
    Ең ыстық айлар – Шілде мен Тамыз. Ең суық ай – Қаңтар. Орташа жылдық температурасы шамамен 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен - 4.7 °С, ал шілдеде
    +23.8 С°.
    Аяз қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяз 67 күн болады –желтоқсаның 19-і басталып, ақпанның 23-і аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30С° дейін – 36 күн болады. Жылы мезгілде шамамен 600-650 мм жауын-шашын жауады.

    Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Алматыда қандай климат қалыптасқан?
    2. Ең ыстық айларды атаңыз
    3. Орташа жылдық температурасы шамамен қанша градусты құрайды?
    4. Қаңтар мен шілдеде ауа температурасы қанша болады?
    5. Аяз қашан басталып, қашан аяқталады?
    6. Жылы мезгілде шамамен қанша мм жауын-шашын жауады?


    6-ТАПСЫРМА
    Апта күндерін пайдаланып, өзіңіз ауа-райы болжамын жасаңыз.

    Made on
    Tilda