Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


9-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Включите аудио и выучите фразы с правильным произношением.

2-ТАПСЫРМА
Посмотрите урок.

3-ТАПСЫРМА
После просмотра урока выполните следующие задания:

4-ТАПСЫРМА
Включите аудио и параллельно следите за текстом.


Сәлем, достар! Менің есімім - Жанар. Мен 38 жастамын. Мен кәсіпкермін. Өзімнің компаниям бар. Компаниямда 40 адам жұмыс істейді. Біз туризммен айналысамыз. Күн сайын өте көп жұмыс істейміз. Адамдармен, шетелмен жұмыс істеу өте қиын. Бірақ жұмысым қызық, маған ұнайды. Мен осы жұмысым арқылы (с помощью) көптеген елдерде болдым. Соңғы уақытта қатты шаршап жүрмін. Маған демалыс керек. Келесі аптада отбасыммен демалуға Анталияға кетеміз. Мен бұл демалысты қатты күтіп жүрмін. Ол жақта жақсылап демалып, күш жинап келу керек. Сосын 10 күннен кейін үйге қайтамыз. Ал сіздерде келесі аптаға не жоспар?

5-ТАПСЫРМА
Расскажите преподавателю какие у вас планы на завтра.

Үлгі: Мен ертең ….

6-ТАПСЫРМА
Послушайте диалоги. Вставьте пропущенные слова. Прочитайте диалог и отправьте преподавателю.

1-диалог.
- Болат, ертең ______? Не жоспар?
- Ертеңге ______ жоспар бар. ______ жерге баруым керек. Өзіңде не жоспар?
- ______ жоспар жоқ. Ертең таңертең ______ барамын, біраз жұмыс істеймін. Сосын ______ бос боламын.
- Бос болсаң, ертең ______ кездесейік! Бір жерге барып ______ ішейік!
- Керемет болар еді! Сөйтейік!
- Жақсы, мен саған өзім ______.


2-диалог
- Камила, қалайсың?! Бүгін ______ ба?
- Сәлем, Руслан! Рақмет, шүкір! Өзің қалайсың? Жоқ, ______, ______, бос емеспін. Бүгін біраз жұмыс істеуім керек.
- Қашан бос боласың?
- Бұйырса, ______ шетелге ұшамын. 3-4 ______ қайтып келемін. Келесі аптада бос боламын.
- ______! Жақсы барып кел! Ендеше мен саған ______ хабарласамын!
- Жақсы, рақмет! Келістік!

Вы молодец! Выполнили все задания!

Дополнительно проработать материал урока Вам поможет рабочая тетрадь, скачать которую можно ниже.

Задания рабочей тетради для самостоятельной отработки, в конце есть ответы ко всем упражнениям.
Made on
Tilda